15 мейрамхананы сазға отырғызған алаяқтар қолға түсті

0
1 197

Бас қала мен Алматыдағы бақандай он бес мейрамханаға 2 млн. теңге көлемінде қаржылай залал келтірген алаяқтар қолға түсті, - деп хабарлайды Ratel.kz.


15 мейрамхананы сазға отырғызған алаяқтар қолға түсті

Бас қала мен Алматыдағы бақандай он бес мейрамханаға 2 млн. теңге көлемінде қаржылай залал келтірген алаяқтар қолға түсті, - деп хабарлайды Ratel.kz.

Өздерін әкімшілік қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар мейрамхана басшылығына телефон шалып, элиталы банкетке тапсырыс беретін көрінеді. Банкетке қаланың ең танымал шенеуніктері келетінін, қымбат шарабы мен самсаған бай дастархан жайылуы қажеттігін ескертеді. Онымен қоса әккі ұрылар қымбат шараптарды қай дүкендерден сатып алуға болатынын да ескертуді де ұмытпайды. Тапсырыс қабылданған соң арада көп өтпей бұзықойлылар қайта телефон шалып, өздері айтқан дүкенде тұрғандарын жеткізеді. Осыдан соң тапсырысқа қажетті ішімдіктерді өздерінің таңдап қойғанын оны «Qiwi-кошелек» арқылы тез арада сатып алу керектігін, банкеттен соң есептесетіндіктерін сендіре айтады.

Қалталы клиенттен айрылып қалмауды ойлаған мейрамхана әкімшілігі қажетті ақшаны аударып бере салады. Сөйтіп тапсырыс берушілердің дастарханын жасауға кіріседі. Күте-күте төзімдері таусылған соң әлгі нөмірге байланысқа шығады. Ал, алаяқтар ақша қолдарына тиісімен телефонды сөндіріп қояды. Міне, осылай танымал мейрамханаларды сазға отырғызып жүргендер көп өтпей құрықталады. Қазір тергеу амалдары жүруде.