1500 астам қазақстандық несиенің жоғары пайыздық үстемесін азайтқан

0
1 105

Өткен жылы 8 мыңнан астам қазақстандық банктегі жоғары пайыз туралы «Тұтынушылар Ұлттық лигасына» арызданған. Соның 1,5 мыңы қаралып, пайыздық мөлшерлеме төмендетілген. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығының басқарма төрайымы Светлана Романовская мәлімдеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

фото : miniforetak.no

« Егер осыған дейін біз қарапайым адамның банкті жеңе алатынын елестетіп те көрген жоқ едік. Енді бәрі өзгеріп келеді», - деді құқыққорғаушы.

Жалпы, 2017 жылы Ұлттық лигаға тұтынушылардан 16161 арыз түскен. Мамандар білктілігінің арқасында медиациялық және талап-арыз тәртібімен тұтынушыларға келтірілген 73 546 498 теңге мөлшеріндегі залалдың орны толтырылды. Тағы 30 358 457 теңге моральдық шығын өндірілген. Қаралған істің 80% медиация көмегімен біткен.