16 млн теңгені қарызға алған ақтөбелік азамат букмекерлік орталыққа ұтылып қалды

0
1 282

Ақтөбелік азамат 16 млн теңгені таныстарынан "интернет бизнеске саламын" деп сұрап алған.


16 млн теңгені қарызға алған ақтөбелік азамат букмекерлік орталыққа ұтылып қалды

фото: averetmedia.ru

ERNUR.KZ. Ақтөбелік азамат букмекерлік орталыққа 16 млн теңге ұтылды. Ол қомақты қаржыны таныстарынан "интернет бизнеске саламын" деп сұрап алған, деп жазады kaz.nur.kz.

25 жастағы ақтөбелік Қаныбек Ж. қомақты қаржымен қойған ұтысы шықпай қалған.

Кейінірек ол екі танысына интернет-бизнесі, соның ішінде төлемдерді қабылдайтын терминалдары бар екендігін айтыпты.

Ақтөбелік әрбір операция үшін белгілі бір пайыз пайда көретінін де алға тартқан.

Қаныбек оларға жобасына қаржы құйып, пайда түсіру ұсынысын жеткізіпті.

Екі ер азамат та Қаныбектің сөзіне сеніп, бірі 6 миллион, екіншісі 10 миллион теңге берген.

Алайда олар кейінірек "кәсіпкердің" ешқандай терминалдары жоқ екендігін біліпті.

Қаныбекті тәртіп сақшылары құрықтаған. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалыпты.

Сот отырысында ол таныстарынан алған қомақты қаржына шотына салып, букмекерлік орталықта тігіске салғанын, бәрін де ұтылып қалғанын мойындаған.

Сот Қаныбекті жәбірленуші тарапқа үлкен шығын келтіргені үшін кінәлі деп танып, шартты түрде 4 жыл 10 айға бас бостандығынан айырды.