16 жастағы өскемендік 15 жылға сотталуы мүмкін

0
643

Өскемен полицейлері 16 жастағы есірткі таратушыны ұстады.


 16 жастағы өскемендік 15 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Жасөспірімнің сөмкесінен ұнтақ түйілген 77 бума табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұсталған адамның тұрғылықты жеріне де тінту жүргізілген. Онда алдыңғы заттарға ұқсас 106 орама тәркіленген. Жүргізілген сараптама күдікті әзірлеген 183 орамада 26,95 грамм "Альфа-pvp" психотроптық заты және шамамен 37 грамм мефедрон сақталғанын көрсетті.

"Аталған факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жас курьер-қойып кетушіні он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр", - деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.