17 шілдеде телеарналар мен радио жұмыс істемейді

0
789

Сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.


17 шілдеде телеарналар мен радио жұмыс істемейді

ERNUR.KZ. 17 шілде күні Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп жазады sputnik.kz.

Компания тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін еске салды. Негізгі мақсат – телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету.
"2024 жылдың 17 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада.
Компания мамандары уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.