2 млн теңге үшін кәсіпкерді қинап, өлтіргендер ұсталды

0
970

Қылмыстық іс бойынша төрт күдікті бір аптадан соң ұсталды. Олардың үйінен тапаншалар табылды.


2 млн теңге үшін кәсіпкерді қинап, өлтіргендер ұсталды

ERNUR.KZ. Теміртауда қаскөйлер кәсіпкер мен оның әйелін өз үйінде азаптап, ақша талап еткен, деп жазады zakon.kz.

Қылмыс таңертең ерте жасалған. Бес қабатты ғимараттың ауласында қылмыскерлер кәсіпкердің әйелін аңдып күтіп тұрған, оны тапаншамен қорқытып, пәтеріне кірген.

Кәсіпкер үйінде болған. Ерлі-зайыптылардың қол-аяғын байлап, қатты азаптаған. Күдіктілер мектепке кеткен қызын өлтіреміз деп қорқытып, ақша талап еткен. Болжам бойынша, қылмыскерлер кәсіпкердің 2 миллион теңгесі барын білген.

Көршілері қылмыскерлер кәсіпкердің әйелін банкоматқа баруға мәжбүрлегенін айтады.

Олар оны ертіп барды, банкоматтан ақша шешіп алу үшін. Ақшаны олар емес, әйелдің өзі шешкен, - деді Геннадий, Теміртау қаласының тұрғыны.

- Олар сонда оны кепілге алған болып тұр ғой?

- Иә, біреуі осында қалды, ал екіншісі онымен кетті. Оның үстіне оларды қорқытқан көрінеді. Әйелі таңертең қызын мектепке апарып тастаған болатын. Олар "бармасаң, мектеп жақта адамымыз бар, қызына қиын болады" деген.

Әбден азапталған 50 жастағы кәсіпкер ақыры өліп тынады. Полиция істің егжей-тегжейін ашып айтпады, ақша бары туралы мәліметтер алдын ала берілгені туралы нұсқаны да растамады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша төрт күдікті бір аптадан соң ұсталды. Олардың үйінен тапаншалар табылды.

Нұр-Сұлтан мен Жезқазғандағы криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде төрт күдікті ұсталды. Олар Жезқазған, Сәтпаев және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ұсталғандардың жасы 25-тен 39-ға дейін екені белгілі. Еш жерде жұмыс істемейді. Бұрын сотталмаған. "Кісі өлтіру" және "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Қарағанды облыстық ІІД Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ислам Мусин.