​2018 жылдың І тоқсанында республикалық бюджеттің 89 миллиард теңгеге жуық қаржысы игерілмеген

0
1 195

Сондай-ақ ол мәдениет және спорт, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, әділет министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 20 миллиард теңге игерілмегенін атап өтті.


​2018 жылдың І тоқсанында республикалық бюджеттің 89 миллиард теңгеге жуық қаржысы игерілмеген

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бюджет қаражатын игере алмай отырған министрліктерге жергілікті органдардан үлгі алуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2018 жылдың І тоқсанындағы республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы бойынша, республикалық бюджетке 1 299 миллиард теңге кіріс түскен. Бұл жоспардан 24 миллиард теңгеге, ал былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 142 миллиард теңгеге артық.

"Жоспардың асыра орындалуы салық есебінен – 17 миллиард теңге, салықтан тыс төлемдер бойынша – 7 миллиард теңге қалыптасты. Салық жоспарының артығымен орындалуына тау-кен өнеркәсібінде өнім шығарудың 105,5%-ке өсуі, өңдеуші өнеркәсіп саласында– 106,1%, сауда – 107%, көлік– 104,4%, байланыс – 105,7%, ауыл шаруашылығы – 103,3% ұлғаюы әсерін тигізді. Сыртқы сауда айналымының 24,8%-ке, оның ішінде импорттың 25%-ке көбеюі тікелей қосымша түсімдерге әкелді. Жергілікті бюджеттердің өз кірісі 110 миллиард теңгеге артығымен орындалып, 559 миллиард теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 77%-і салықтарға келеді. Барлық өңірде кірістер жоспары артығымен орындалды", — деді министр.

Сұлтановтың айтуынша, аталған кезеңде республикалық бюджет шығыстары 2 265 миллиард теңгені құрады. Олардың негізгі бөлігі әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға, ауыл шарушылығындағы кәсіпкерлерді қолдауға, "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға бағытталды.

"Сонымен бірге бюджет қаражаты 95 миллиард теңгеге атқарылмады. Оның 6,5 миллиард теңгесі – үнемдеу. Ал 88,9 миллиард теңге игерілмеген. Бұл 2017 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен (47 млрд.теңге) 1,8 есе көп. Осы соманың 62,1 миллиард теңгесі Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Қомақты қаржының игермеудің басты себебі – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың 12 ақпан айында бекітілуіне байланысты конкурстардың кеш өткізілуі", — деді ол.

Сондай-ақ ол мәдениет және спорт, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, әділет министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 20 миллиард теңге игерілмегенін атап өтті.

"Біз бұл жыл сайын көтереміз. Бірақ, айтылған мемлекеттік органдардың қаржылық жоспарлау мен атқару дисциплинасының проблемалары жылдан жылға қайталанып отыр. Бұл мәселеде орталықтағы қаржы саласындағы әріптестерімізден жергілікті мамандардан үлгі алуға шақырамын", — деді министр.

Оның айтуынша, жергілікті бюджет шығыстары есептік кезеңде 823 миллиард теңгені құрады. Орындалмаған бюджет қаражаты – 20 миллиард теңге. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26%-ке жақсарды (2016 жылдың 1 сәуірі – 27 млрд. теңге).