2019 жылғы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 915 теңгені құрады

0
2 623

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,5%, жемістер мен көкөністерді – 8,3%, нан және жарма өнімдерін – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады.


2019 жылғы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 915 теңгені құрады

ERNUR.KZ. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,8%-ға жоғарылады, деп жазады Ұлттық экономика министрлігінің сайты

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,5%, жемістер мен көкөністерді – 8,3%, нан және жарма өнімдерін – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады.

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.