2019 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгерді?

0
1 323

Әкімшілік кодекстің кейбір баптарындағы ереже бұзғаны үшін көлік басқару құқығынан айыратын жаза түрі айыппұл салумен ауыстырылуы мүмкін


2019 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгерді?

ERNUR.KZ. 2019 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері 5 пайызға артады. Көлік салығы да көбеймек. АЕК мөлшері өзгергендіктен көлік иелерінің де біраз ақшадан қағылуына тура келеді, деп жазады tengrinews.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көптеген төлемдермен тығыз байланысты айлық есептік көрсеткіш көлемі 120 теңгеге артып, 2 405 теңгенің орнына 2 525 теңге болды, яғни 5 пайызға жоғарылады. Сәйкесінше, автокөлік иелерінің түрлі жағдайларға қатысты жасайтын төлемдерінің де көлемі артты. Мысалы, жылдамдықты сағатына оннан жиырма шақырымға дейін арттырғандар 12 025 теңге айыппұл төлеп келген еді, ал енді 1 қаңтардан бастап оның көлемі 12 625 теңгеге тең болмақ.

Тротуарда, гүлзарда, көгалда не балалар ойнайтын алаңдар мен спорт алаңдарында тоқтап тұрғандар бұдан былай 24 050 теңгенің орнына 25 250 теңге (10 АЕК) төлейтін болады.

Осы орайда, Kolesa.kz бұрында хабарлағандай, Әкімшілік кодекстің кейбір баптарындағы ереже бұзғаны үшін көлік басқару құқығынан айыратын жаза түрі айыппұл салумен ауыстырылуы мүмкін, бірақ құжатқа енуі мүмкін бұл өзгерістерді депутаттар әлі де қарастыруда.

Сонымен қатар, көлік салығы да артты. Мысалы, 2018 жылы ел қазынасына 2 АЕК, яғни 4 810 теңге құйған шағын литражды (қозғалтқыш көлемі 1 100-ден 1 500 текше см-ге дейін) көлік иелері 2019 жылдан бастап 5 050 теңге төлемек. 3 АЕК, яғни 7 215 теңге төлеп келгендер енді 7 575 көлемінде ақша жұмсайды, ал көлемі зор темір тұлпарлардың қожайындары 281 385 (117 АЕК ) теңгенің орнына, 2019 жылы 295 425 теңге көлеміндегі қаржысынан қағылады.