​2019 жылы "Оскар" жаңа номинациясыз өтеді

0
1 089

"Оскар" сыйлығымен марапаттау рәсімі 2019 жылы 23 ақпанда Лос-Анджелестегі Dolby театрында өтеді.


​2019 жылы

ERNUR.KZ. Америкалық кинематография академиясы "Үздік танымал фильм үшін" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығын табыстамайды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Тамыздың басында америкалық киноакадемияның басқарушылар кеңесі "Үздік танымал фильм" номинациясын қосуды қолдап дауыс берген. Бұл санатта алдыңғы жылдарда техникалық құрамдас бөліктерге ғана жүлделі болған ірі бюджетке ие шытырмандар мен блокбастерлер кіреді.

Академиядағылардың мәлімдемесінде жарты жалдықта жаңа кетегорияның пайда болуы экранда бұрындары пайда болған фильмдерге "қарсылық" көсететіні айтылған.

"Оскар" сыйлығымен марапаттау рәсімі 2019 жылы 23 ақпанда Лос-Анджелестегі Dolby театрында өтеді.