​2019 жылы елімізде ЖСН арқылы тіркелмеген смартфондар өшіріледі

0
1 254

IMEI-кодын ЖСН-мен байланыстырмаған қазақстандықтар 2019 жылы ұялы байланыс қызметін пайдалана алмайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​2019 жылы елімізде ЖСН арқылы тіркелмеген смартфондар өшіріледі

IMEI-кодын ЖСН-мен байланыстырмаған қазақстандықтар 2019 жылы ұялы байланыс қызметін пайдалана алмайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2016 жылы мобильді құрылғыларды тіркеу талаптары жаңартылған болатын. Бұл жүйені іске қосу телефон ұрлығын айтарлықтай азайтады, өйткені полицияға арызданғаннан кейін ұрланған телефон өшіріледі. IMEI-код телефон иелерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Жаңа норма толық іске асу үшін IMEI-кодты ЖСН мен абонент нөмірімен байланыстыру керек", - дейді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тұрғындармен есептік кездесу кезінде.

Абаевтың сөзінше, тіркеуге байланысты қиындықтар тумайды.

"Ұялы байланыс қызметін падаланатындар құрылғыларын 2018 жылдың соңына дейін тіркеу керек, өйткені 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Тіркеу процессін жеңлдетеміз, онлайн жолы қарастырылады", - дейді ведомство басшысы.