2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

0
938

​Қазақстан басшысы келесі жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы жинақталған қаражаттың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алатынын айтты.


2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға, емделуге пайдалану туралы шешімді жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Менің тапсырмам аясында зейнетақы жинағын пайдалану мәселесі пысықталды. Бұл қазір өзекті болып тұр. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алады", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.