2022 жылы Қазақстанда 84 млн тонна мұнай өндірілді

0
490

2022 жылғы "қара алтын" бойынша өндірістік жоспар 85,7 млн тонна болатын.


2022 жылы Қазақстанда 84 млн тонна мұнай өндірілді

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз конференциясында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша 84 млн тонна мұнай өндірілді, экспорт – 64,8 млн тонна", – деді Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың 2022 жылғы мұнай саласының қорытындылары туралы брифингте.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы "қара алтын" бойынша өндірістік жоспар 85,7 млн тонна болатын. Алайда кейін бұл көрсеткіш өзгеріп, 84-85 млн тоннаны құрайтыны хабарланған. Оған Қашаған кен орнындағы жоспардан тыс жұмыстар ықпал етті.