2022 жылы шетелде Қазақстан төлқұжатын рәсімдеу құны қымбаттайды

0
1 105

Бұйрық 2022 жылғы 14 ақпанда күшіне енеді.


2022 жылы шетелде Қазақстан төлқұжатын рәсімдеу құны қымбаттайды

ERNUR.KZ. Шетелде Қазақстан төлқұжатын рәсімдеу құны 2022 жылы қымбаттайды. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің "Шетел мемлекетінің аумағында консулдық қызметті жүзеге асыру үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп жазады Stan.kz.

Енді Қазақстан Республикасы азаматының паспортын беру, Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспортын беруді қоспағанда, 100 доллар (немесе 75 еуро, 65 фунт стерлинг, 110 франк, 5 850 рубль, 660 юань) тұрады. Бұрын 40 доллар қажет болатын.

Сонымен қатар тууды тіркеу және куәлік беру 25 доллар (немесе 20 еуро, 20 фунт стерлинг, 25 франк, 1420 рубль, 165 юань) тұрады.

Бұйрық 2022 жылғы 14 ақпанда күшіне енеді.