2022 жылы жеке және жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

0
1 762

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қажет ең төменгі күнкөріс деңгейі 2022 жылы 36 018 теңге мөлшерінде болады.


2022 жылы жеке және жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

ERNUR.KZ. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 063 теңгеге дейін өседі, деп жазады sputnik.kz.


2022 жылы құжат алу қанша тұрады



Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айлық есептiк көрсеткiш жәрдемақы және басқа да әлеуметтiк төлем, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады.

  • Паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы - 8 АЕК немесе 24 504.
  • Жеке куәлік - 0,2 АЕК немесе 613 теңге.
  • Жүргізуші куәлігін алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы - 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге.
  • Туу туралы куәлік алу ақша төлеудің қажеті жоқ. Себебі бұл куәлік тегін беріледі. Алайда акт жазбасына өзгерту, толықтыру, түзету енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет.
  • Неке тіркеу үшін жас жұбайлар 1 АЕК немесе 3 063 теңге төлейді. Ал неке қию туралы куәлікті екінші рет алу үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге қарастырылған.
  • Ажырасуға арыз беру кезінде төленетін мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе 6 126 теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай

  • Ең төменгі жалақы мөлшері - 60 000 теңге.
  • Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 19 450 теңге.
  • Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңге.

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қажет ең төменгі күнкөріс деңгейі 2022 жылы 36 018 теңге мөлшерінде болады.