Жыл басынан бері елімізде 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Олардың 3-уі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша.
ERNUR.KZ. Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы енгізіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева баяндады, деп жазады sputnik.kz.
"Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады", - деді ол.
Жыл басынан бері елімізде 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Олардың 3-уі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша.
"Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге төмендеді. 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін тағы да 223 орын ашу жоспарланып отыр. Сол арқылы халықтың мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігінің 70 пайыздан астамын қамту жоспарлануда", - атап өтті Жұмаділдаева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын басты талап – санға емес, сапаға жұмыс істеу.
2023 жылы 20 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады, сондай-ақ 79 мектепке дейінгі ұйымда "Құзыреттілік орталықтары" тұрақты негізде жұмыс істейді.
Соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы да 30%-ға көтеріледі.