2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады

0
494

Желтоқсан айында 200-ден астам мектеп пайдалауға беріледі. Осылайша, 2025 жылға дейін 1 000 жаңа мектеп салынады.


2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады

ERNUR.KZ. 2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Егер мектеп құрылысы мәселесін айтар болсақ, Тәуелсіздік жылдарының ішінде 2 мыңнан астам мектеп салынды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап 2025 жылы кемінде 1 мың мектеп салу міндеті алдымызда тұр. Қазір оқушы орны тапшылығына қатысты үлкен проблеманы көріп отырмыз. Биыл 150 мың түлек мектеп бітіріп шықса, ал 1 сыныпқа 400 мыңға жуық баланы қабылдадық. Бір жылдағы айырмашылықтың өзі 250 мың баланы құрап отыр. Мектептерді салмасақ, 2025 жылға қарай кемінде 1 млн қосымша оқу орны қажеттілігі туындайды. Проблеманы алдын ала шешу үшін Президент тағы 1 мың мектеп салуға тапырма берді», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, желтоқсан айында 200-ден астам мектеп пайдалауға беріледі. Осылайша, 2025 жылға дейін 1 000 жаңа мектеп салынады.

«Бір мың мектеп кемінде 100 мың жаңа педагогикалық мөлшерлемені қосымша құруды талап етеді. Бізге 100 мың мұғалім қажет болады. Дәл осы жайт айтарлықтай үлкен сын-тегеурін болмақ. Бізге сапалы кадрлармен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажет. Осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.