Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.
ERNUR.KZ. 2025 жылы қазақстандықтар 89 елге визасыз сапарға шыға алады. Биылдың өзінде визасыз режим елдерінің тізімі кеңейіп, 77 мемлекетке бару жеңілдейді, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы «Нұр-Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын орындаудың жол картасын талқылау барысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.
Сондай-ақ экономикалық одақ аясындағы интеграция мен қазақстандық бастамаларды ілгерілету жұмыстары жалғасады. Ал 2022 және 2025 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіледі.