2025 жылы студенттердің шәкіртақысы 52 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

0
765

Бюджет жоспары аясында 2025 жылға дейін студенттерге шәкіртақы төлеуге 430 109 126 теңге сомасында шығыстар көзделген.


2025 жылы студенттердің шәкіртақысы 52 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

ERNUR.KZ. Келер жыл басынан студенттердің орташа шәкіртақысы 41 898 теңгеге өседі. Бұл туралы Қаржы министрлігі ұсынған «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында көрсетілген, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бюджет жоспары аясында 2025 жылға дейін студенттерге шәкіртақы төлеуге 430 109 126 теңге сомасында шығыстар көзделген. Осының нәтижесінде 2023 жылы орташа шәкіртақы - 41 898, 2024 жылы - 47 135, ал 2025 жылы - 52 372 теңгені құрайды», - деп жазылған жоспарлы бюджет жобасында.

Сонымен қатар Қаржы министрлігі ұсынған құжатқа сай, келер жылдың басынан АЕК пен ең төменгі зейнетақы мөлшері өсуі мүмкін.

Бұдан бөлек, бюджет жоспарына алдағы үш жылда салынатын 504 мектептің құрылысына бағытталатын қаражат сомасы енген.