​2050 жылға қарай бала туу көрсеткіші төмендейді

0
2 587

Оған келіншектердің мансап қуып, жұмысты бірінші орынға қоюы себеп болады.


​2050 жылға қарай бала туу көрсеткіші төмендейді


фото: ашық дереккөзден

"2050 жылға қарай елордалық арулардың бала туу көрсеткіші екі есеге төмендейді". Мұндай мәлімдемені ресейлік зерттеу орталықтарының бірі жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ресейлік мамандар келіншектердің мансап қуып, жұмысты бірінші орынға қоюы бала туу көрсеткішінің төмендеуіне себеп болатынын айтуда. Олар экономикалық өсімі жоғары Еуропа мемлекеттерінің демографиялық ахуалын мысалға келтіріп, астаналық келіншектерді ойлануға шақыруда.

Көп ұзамай елорда жастардың емес, қарттардың қаласына айналуы мүмкін. Ресейлік мамандардың зерттеуіне сенсек, қалада балу туу мен өлім көрсеткіші 2050 жылға қарай төмендемек. Яғни, сәбилердің дүниеге келуі азаяды-мыс, ал қарттардың өмір сүру жасы ұзарады. Дәлірек айтсақ, орта есеппен әйелдер 80, ерлер 84 жасқа дейін өмір сүреді, дейді зерттеушілер.

«Иә 2050 жылға қарай елордалық арулардың бала туу көрсеткіші 2 есеге төмендейді деп күтілуде. Оған таңғалудың да қажеті жоқ. Әлемнің дамыған елдерінің барлығында осылай болған деп айтсақ еш қателеспейміз. Бала ол үлкен шығынды қажет етеді. Сондықтан, халықтың әл ауқаты жақсарған сайын, балалардың туу көрсеткіші де азая береді. Мәселен, уақыт алға жылжыған сайын келіншектер бір баладан артық босанбайтын болады», - дейді консалтинг пен зерттеу орталығының өкілі Ануар Боранбаев.

Елдегі экономикалық өсімге байланысты келіншектердің жұмысқа шығып, мансапты бірінші орынға қоюы заңды құбылыс, дейді сарапшылар. Оны шетелдің дамыған мемлекеттері іс жүзінде әлдеқашан дәлелдеп қойған. Мәселен, АҚШ пен Еуропаның бірқатар елдері, «бэйби-дағдарыс» ,яғни «бала дағдарысы» дегенді бастап өткеруде екен. Оларда соңғы жылдары сәбилердің туу көрсетіші күрт азайған. Тізімде көрші Ресей де бар. Ал әлеуметтанушылар, оның түбі жақсылыққа апармайды, дейді.

«Қазіргі Еуропаны қарасаң, ол хаосқа келе жатыр. Себебі оларда қартаю дәрежесі қатты жоғарылаған. Ал бала туу жоқ болған жерде міндетті түрде аламдардың жасының қартаю жасы жоғарлайды. Бұл деген адамның саны бар жерде, сапа бар ғой. Қашан да ол экономикалық болсын, саяси, әлеуметтік мәселелерде болсын тікелей себепкер. Оны жүзеге асырушы фактор. Яғни осы факордың жүзеге асырушының азаюы бұл мемлекеттің дағдарысына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін», - дейді әлеуметанушы Ерсінбек Арынбекұлы.

Соңғы 5 жылда еліміздегі табиғи өсім 1,5 пайыздан 1,3 пайызға дейін төмендеген екен. Десе де, халық қалаулары жұртты дүрлікпеуге шақырады. «Бізде еуропадағыдай толқын болмайды, бәрі жауапты министрліктің бақылауында» деп сендіріп отыр.

дереккөз:Еуразия бірінші арнасы