21 адам вирус жұқтырған: Көк базар басшылығы 2 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

0
751

Көк базардың жұмысы сот шешімімен 1 айға тоқтатылды.


21 адам вирус жұқтырған: Көк базар басшылығы 2 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Алматыда санитарлық талапты сақтамаған Көк базар басшылығына 1 млн 722 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, наурызда Алматыда коронавирус көбінесе сырттан келген адамдардан табылды. Қазір вирус таралу көрсеткіші артып келеді. Көбінесе адамдар өздері емдеу мекемелеріне хабарласып жатыр. Оның ішінде «Рахат» фабрикасын, Көк базарды айтуға болады. «Рахат» фабрикасы өз еркімен 2 аптаға жабылды. Көк базардың жұмысы сот шешімімен 1 айға тоқтатылды. Себебі, төрт органның өкілдерінен құралған мониторинг жұмыстары барысында берілген ескертулерді уақытында орындамағаны үшін базар басшылығына 1 млн 722 мың теңге айыппұл салынды», - деді Жандарбек Бекшин.

Алматыдағы Көк базарда коронавирус 20 адамнан анықталғаны туралы мұның алдында жазған едік.

Одан кейін тағы бір адамның талдауы оң нәтиже көрсеткен.