24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам құлдықта жүрген жерінен табылды

0
163

Ол 2000 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен.


24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам құлдықта жүрген жерінен табылды

фото: 72.ru

ERNUR.KZ. Ресейдің Түмен облысында 24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды. Ол бұған дейін құлдықта жүрген, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, Большое Сорокино ауылының тұрғыны мал бағып жүрген ер адамды байқап қалған. Осыдан кейін әйел құлдықта жүрген ер адам тамақ үшін бірнеше адамға қызмет етіп жүргенін естіген.

"Сөйлесіп көргім келді. Бірақ ол аса байланысқа шыққысы келмеді. Көршілердің сөзінше, Геннадийді ер адам тасжолда тұрған жерінен алып кеткен. Оны құлдықта ұстап, ұратын көрінеді", - дейді Ирина.

Иринаның сөзінше, ер адамның есте сақтау қабілеті нашар. Адамдармен көп сөйлеспейтін Геннадий қорқып қалған.

Жергілікті еріктілердің сөзінше, ер адамды Қазақстанның тумасы құлдықта ұстаған. Ол 2000 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. Еріктілер Геннадий туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі топтарға таратып, артынша оның ағасы Валерий байланысқа шыққан.

Әйел бірнеше ер адамды ертіп, Геннадий жұмыс істеп жүрген алқапқа барады. 23 қыркүйекте олар оны ағасына апарған. Қазір ер адам отбасымен бірге.