25 мамырды қайтарсақ, мұғалімдердің сағаты қысқаруы мүмкін - министр

0
638

Бұған дейін Ғани Бейсембаев оқу жылы неге 36 аптаға созылғанын түсіндірген еді.


25 мамырды қайтарсақ, мұғалімдердің сағаты қысқаруы мүмкін - министр

ERNUR.KZ. Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 25 мамыр соңғы қоңырау күнін қайтару тиімсіз екенін айтты, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін Ғани Бейсембаев оқу жылы неге 36 аптаға созылғанын түсіндірген еді.

Бұл мәселеде, бірінші кезекте мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені біз бірден 25 мамырды қайтара алмаймыз. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың бағдарламасы. Оны бірден қалпына келтірсек, ол басқа да өзгерістерге әкеледі. Мәселен, 6 күндік оқу жоспарына және оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе жай ғана қайтара салатын дүние емес. Бастысы, дұрыс сараптамадан өтуі керек, – деді Ғани Бейсембаев.