Биыл Қазақстан дүниежүзілік акцияға 14-рет қатысатын болады.
ERNUR.KZ. Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша "Жер сағаты" дүниежүзілік акциясы басталады, деп жазады baq.kz.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің мәліметінше, жыл сайын әлемнің 180-нен астам мемлекеті осы акцияға қатысады. Биыл Қазақстан дүниежүзілік акцияға 14-рет қатысатын болады.
Ең көлемді экологиялық акция 2007 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінде қолға алынып келеді. Оған Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры бастамашылық жасады (WWF).
Бұл әр түрлі елдерден миллиондаған адамдар жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа өшіретін уақыт, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтандыруды сөндіреді.
Барлықтарыңызды акцияға бірге қатысуға шақырамыз!