27 ақбөкен мен қару: Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

0
550

25 қазанда Қобда және Байғанин аудандарының аумағында облыс полициясының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасын өткізді.


27 ақбөкен мен қару: Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында браконьерлер УҰИ-ға қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазанда Қобда және Байғанин аудандарының аумағында облыс полициясының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасын өткізді. Тексеру кезінде Ваз-21140, УАЗ және Toyota Camry автокөліктерінің салонынан 27 өлі ақбөкен табылды. Сонымен қатар, Toyota Land Cruiser автокөлігін тексеру кезінде полицейлер 12 калибрлі Вурсан мылтығын, 12 калибрлі ИЖ-27Е мылтығын және пышақтарды тауып тәркіледі.

"Барлық алынған заттай дәлелдемелер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық факт бойынша ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі және 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Жиналған дәлелдемелер жиынтығымен ұсталған бес адам ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.