"Ең танымал мемлекеттік қызметтер мобильді қосымшалар арқылы көрсетіледі"
ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің хабарлауынша, жыл соңына дейін 723 мемлекеттік қызметтің 580-і автоматтандырылады, деп жазады inbusiness.kz.
«2020 жылы мемлекеттік қызметтің 90%-ы автоматты жүйеге көшіріледі. Қазір мемлекеттік қызметтің 70,5% автоматты жағдайда жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар тағы 70 мемлекеттік қызметті заман талабына сәйкестендіреді», – деді министр.
Асқар Жұмағалиевтің дерегінше, мемлекеттік қызметке мобильді технологиямен қол жеткізу оңай әрі тиімді.
«Ел азаматтарының 64%-ы смартфон пайдаланады. Электронды қызметті Telegram мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы да оңа алуға болады. Ең танымал мемлекеттік қызметтер осы мобильді қосымшалар арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру халықтан талап етілген артық анықтаманың машақатын жояды. Бұған 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасының жойылғаны дәлел. Жыл сайын 14 миллионан астам мекенжай анықтама беріліп келді. Осыны жою 3,3 млрд теңге шамасында жанама экономикалық әсер береді. Қазір тағы да 27 анықтаманы жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Асқар Жұмағалиев.