3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді

0
778

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану қажет.


3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді

ERNUR.KZ. Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Үкіметтік емес ұйымдар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына баспана береді, құқықтық, медициналық, әлеуметтік, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда 49 дағдарыс орталығы полициямен өзара әрекеттеседі, олардың 39-да жәбірленушілерді уақытша тұратын баспанамен қамту мүмкіндігі бар», – деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Алексей Милюктің мәлімдеуінше, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін пайдалануға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары өз беттерінше немесе полиция қызметкерлерінің көмегімен жүгіне алады.

«Биыл полиция қызметкерлері өмірдің қиын жағдайына тап болған 3 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталығына жіберді. Байланыс дерегі көрсетілген орталықтардың тізімі министрліктің және аумақтық полиция департаменттерінің ведомстволық ақпараттық ресурстарында орналастырылған», – деді ішкі істер министрлігінің өкілі.