3 жасар баланы құтқарған оқушы арнайы марапатқа ие болды

0
2 053

Қошанкөл ауылында тұратын Нұрдәулет биылғы 5 мамырда тоғанға батып бара жатқан үш жасар баланы аман алып қалған еді.


3 жасар баланы құтқарған оқушы арнайы марапатқа ие болды

ERNUR.KZ. Қазталов ауданы Ғ.Бегалиев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов Оралда өткен «Жомарт жүрек - 2018» атты меценаттарды марапаттау форумында арнайы дипломға ие болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жас батыр Нұрдәулет Асқарұлы «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды. Қошанкөл ауылында тұратын Нұрдәулет биылғы 5 мамырда тоғанға батып бара жатқан үш жасар баланы аман алып қалған еді.

«Өңірдегі таңдаулы меценаттармен бірге баламның марапатталуы, әрине, біздің отбасы үшін үлкен қуаныш. Ауылда елмен бірге қарапайым тұрмыс кешудеміз. Жолдасым Асқар Аткешев - «Нұрдәулет» атты шағын қожалықтың жетекшісі, екеуміз үш ұл тәрбиелеп, өсіріп отырмыз. Нұрдәулет - кенжеміз. Үлкендері Данияр мен Бақтияр үйленген, Айдана, Лунара есімді келіндеріміз, төрт немереміз бар. Өзім мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісімін. Осындай ұлдарымыз ел үмітін ақтай берсін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың алдағы уақытта да гүлденіп, дами беруіне тілекшіміз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Нұрдәулеттің анасы Гүлжан Сисенова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрдәулеттің үш жасар баланы құтқарып қалғанын және Құтқарушы күніне орай «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталғанын жазған болатынбыз.