2015 жылдың маусым айында із-түссіз жоғалған 44 жастағы ер адамды Алматы облысының полиция қызметі тапқан,- деп хабарлайды Sputnik Казақстан өңірдің ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме сажап.
2015 жылдың маусым айында із-түссіз жоғалған 44 жастағы ер адамды Алматы облысының полиция қызметі тапқан,- деп хабарлайды Sputnik Казақстан өңірдің ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме сажап.
Азамат төлқұжат алу барысында полицияның арнайы құрылымдық бөлімшелерінде жаңа орнатылған тану жүйесі арқылы анықталды.
Қарағандылық 44 жастағы ер адам осыдан үш жыл бұрын үйіндегі ұрыс-жанжал кезінде шығып кетіп, оралмаған. Ұлынан ешбір хабар ала алмаған қарт ана жергілікті полиция бөліміне арызданады
Осы күнге дейін жалдамалы жұмыста күнін көріп келген азамат Алматы облысына қарасты Ақбастау ауылындағы танысының үйінде тұрған.
Жасы келген анасының іздеп жүргенін білсе де ол отбасына оралғысы келмеген. Алайда Қарағандыда тұратын туыстарына және қалалық полиция бөлімшесіне оның амандығы және жағдайының жақсы екендігі жөнінде жеделхат жетіпті.