30-дан астам пойыз кешікті: ҚТЖ Жамбыл облысындағы жағдайға қатысты түсінік берді

0
847

Шымкент-Тараз және Шу-Отар темір жол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты пойыздар қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді.


30-дан астам пойыз кешікті: ҚТЖ Жамбыл облысындағы жағдайға қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жарияланған төтенше жадай кезінде 30-дан астам жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен кешікті, деп жазады sputnik.kz.

Пойыздар қозғалысын үйлестіру үшін барлық қатысы бар қызметтер мен көліктегі полиция департаменті басшылығының қатысуымен жедел штаб құрылды.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кестені түзету үшін
Астана – Алматы – Астана,
Атырау — Алматы,
Ақтөбе — Алматы,
Алматы – Жезқазған бағыттары бойынша алты жолаушылар пойызының жүруі тоқтатылды.
"Қарлы циклон өңірде электр энергиясының өшуіне себеп болды, соның салдарынан "Алматы 2 – Атырау" жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады", - деп атап өтті компания.
Теміржолшылар электровозды тез арада тепловозға ауыстырды.
Вагондар жолсеріктері жолаушыларға орын алған жағдай туралы түсіндіріп, қажетті көмек көрсеткен.
"Ұлттық тасымалдаушы 10,8 мың жолаушыға тамақ ұйымдастырды (оның 5,7 мыңы - вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда, 5,1 мыңнан астамы – Шу, Шымкент және Отар станцияларында). Құрамдар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мейрамхана вагондары штаттық режимде жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде теміржолшылар 11 мың текше метр қар шығарды.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін билет кассалары тәулік бойы жұмыс істеді. 14-18 желтоқсан аралығында тоқтатылған пойыздардың 5 мыңнан астам билеті қайтарылды.