30 жыл ел басқарған президент қамауға алынды

0
1 338

Таяу уақыттарда мемлекеттік телеарналар мен радиолардан ресми мәлімдеме жасалуы мүмкін.


30 жыл ел басқарған президент қамауға алынды

ERNUR.KZ. Хартумнан Судан басшылығы өкілдерінің тұтқындалғаны туралы ақпарат түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ел президенті Омар әл-Башир жоғары шенді тұлғалармен бірге мемлекеттік төңкеріс жасаған әскерилердің қамауына алынды. Президент гвардиясының басшысы, сондай-ақ бұрынғы қорғаныс министрі Абдел Рахим Мұхаммед Хусейннің тұтқындалғаны хабарланды.

Елдегі «Ұлттық конгресс» билеуші партиясының басшысы Ахмед Харун мен Суданның бұрынғы вице-президенті Али Осман Тах та ұсталған. Телеарнаның дерегі бойынша, мемлекет басшысын осы елде төңкеріс жасаған әскерилер қамауға алған. Мыңдаған адам Хартум көшелерінде жүр. Мұнда ереуіл сенбі күннен бері болып жатыр. Таяу уақыттарда елдің әскері мемлекеттік телеарналар мен радиолардан ресми мәлімдеме жасауы мүмкін. Хартумда бірнеше уақыт бұрын әскердің бас қолбасшылығының жабық отырысы басталды. Оған әл-Башир қатысқан жоқ. Ел астанасының көшелерінде әскердің қосымша жасақтары тартылып, бронетехника орнатылған. Хартумның халықаралық әуежайы жабық тұр. Омар әл-Башир Суданды 1989 жылдан бері басқарып келген.