4 қарашадан бастап Көкшетау қаласына кіріп-шығуға шектеу қойылады

0
702

Жаңа қаулы 3 қараша түнгі сағат 00:00-ден бастап күшіне енбек.


4 қарашадан бастап Көкшетау қаласына кіріп-шығуға шектеу қойылады

ERNUR.KZ. Ақмола облысының мемлекеттің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, Көкшетау қаласында 4 қараша кешкі сағат 20:00-ден бастап қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаулыға енгізілген өзгерістер бойынша, жиынды кабинетте өткізуге, ашық алаңдағы аттракциондардың жұмыс істеуіне, діни, мәдениет нысандарының: кітапханалар мен музейлердің, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салынады.

«Азық-түлік дүкендері таңғы 9:00-ден кешкі 22:00-ге дейін бекітілген кестеге сәйкес санитарлық күндерді өткізе отырып, жұмыс режиміне шектеу қойылады. Такси қызметіне екі адамнан артық мінуге тыйым салынады. Ойын-сауық орталықтары, азық-түлік сатпайтын көлемі 800 шаршы метрден аспайтын дүкендер мен сауда нысандарының қызметі сыйымдылығы 30 пайызға жетпейтін көлемде таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері олардың жұмысы тоқтатылады, - дейді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандары бір мезетте 30 адамнан аспайтын келушілерді қабылдап, таңғы 08:00-ден кешкі 21:00ге дейін қызмет көрсетеді. Ал демалыс күндері тек осы уақыт аралығында тамақты жеткізуді қызметімен айналысуға рұқсат етіледі.

Сән салондары, шаштараздар мен косметологиялық қызмет көрсету нысандары санитарлық нормаларға сәйкес актілері болған жағдайда ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал демалыс күндері жұмыстары уақытша тоқтатылады.

Ал фитнес-орталықтары, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарына алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын көлемде рұқсат берілмек.

Моншалар мен сауналар сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын мөлшерде таңғы 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Мемлекеттік органдардың кемінде 80 пайызы қызметкерлерін қашықтан жұмыс істету режиміне көшіреді. Жалпы білім беретін орта мектептерде 15 оқушыға дейін кешекші топтар ұйымдастырылады. Көкшетау қаласы әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп, Көкшетау қаласының карантин аумғында блокбекеттер орнатуды қамтамасыз етеді», - деп толықтырды Айнагүл Мусина.

Жаңа қаулы 3 қараша түнгі сағат 00:00-ден бастап күшіне енбек.