4 жасар баланы құтыдағы суға тұншықтырып өлтірген қостанайлық сотталды

0
600

65 жастағы ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің төрт жасар баласын ұрып, артынша қырық литрлік су құйылған құтыға салып, батырған.


4 жасар баланы құтыдағы суға тұншықтырып өлтірген қостанайлық сотталды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жас баланы өлтірген ауыл тұрғынына үкім шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сот деректеріне сүйенсек, оқиға Қарасу ауданының Октябрь ауылында болған. 65 жастағы ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің төрт жасар баласын ұрып, артынша қырық литрлік су құйылған құтыға салып, батырған. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, сәби суға тұншығып өлген.


«Сотталушы мас күйде болған. Қылмыскердің кінәсі куәлардың айғақтарымен және жүргізілген сараптамалардың қорытындысымен дәлелденді. Сот жарыссөзінде прокурор оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігінің санкциясы 20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Заң бойынша 63 және одан жоғары жастағы ер адамдарға өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. Сотталушы 65 жасқа толған. Сол себепті қылмыскерге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.