40 мыңнан астам қазақстандық салық амнистиясын қолданды

0
939

Амнистияға іліккен салық төлеушілерден мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге түсті.


40 мыңнан астам қазақстандық салық амнистиясын қолданды

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері 40 мыңнан астам қазақстандық салық амнистиясына ілікті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсенбаев мәлім етті, деп жазады Елорда Инфо.

«2019 жылдың ақпан айынан бастап еліміздегі шағын және орта кәсіпке салық амнистиясы жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша Қазақстанда 90 мың салық төлеуші амнистияға ілініп, ол 210 млрд теңгені құрады. Бүгінгі күнгі нәтиже бойынша 40 212 салық төлеуші амнистияны қолданды, бұл салық төлеушілердің 44,6% құрап отыр», - деді Ж.Дүйсенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз қызметінде.

Оның мәлімдеуінше, аталған 40 мыңнан астам амнистияға іліккен салық төлеушіден мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге түсті.