42 500 теңге алушылар саны жарты миллионға өсті

0
886

8,2 млн азаматтан төлемге өтініш келіп түскен.


42 500 теңге алушылар саны жарты миллионға өсті

ERNUR.KZ. 27 сәуір күнгі жағдай бойынша 4,2 млн қазақстандыққа әлеуметтік төлем тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Ел бойынша l-ші айда 3,7 млн төлем жасау, ал II-ші айда 520 мың төлем жасау тағайындалған.
Сондай-ақ, 8,2 млн азаматтан төлемге өтініш келіп түскен.
Ең көп өтініш келіп түскен аймақтар мыналар:
Алматы облысы – 1,4 млн,
Түркістан облысы – 999,5 мың,
Алматы – 896,6 мың,
Нұр-Сұлтан – 594,5 мың,
Шымкент – 534,5 мың.
Ең көп төлем төленген аймақтар мыналар:
Алматы облысының тұрғындарына – 620,5 мың,
Түркістан облысының тұрғындарына – 508,5 мың,
Алматы қаласының тұрғындарына – 412,1 мың.
"Түскен өтініштердің 3,6 млн-на 42,5 мың теңге тағайындау бойынша төлеуден бас тартылды, себебі олар ТЖ кезінде табыстың жоғалуына байланысты МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау ережелеріне сәйкестігі бойынша тексеруден өтпеген", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.