475 миллион теңге бөлінген: Досаев жер сілкінісі туралы ескертетін жаңа жүйе туралы айтты

0
702

Бұл туралы Алматы әкімі үкімет отырысында мәлімдеді.


475 миллион теңге бөлінген: Досаев жер сілкінісі туралы ескертетін жаңа жүйе туралы айтты

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі туралы хабарлаудың жаңа жүйесі енгізілетінін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі үкімет отырысында мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 қаңтардағы тапсырмасы аясында, Алматы әкімдігі мобильді құрылғылар арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін тығыз режимде ЦДИАӨМ, ТЖМ-мен бірлесіп қала тұрғындарын ТЖ туралы жедел хабардар ету мақсатында 2024 жылғы мамырдың аяғына дейін Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, Mass Alert қағидаты бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізуді жоспарланып отыр, оған 475 миллион теңге бөлінді", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Әкім дәстүрлі технологиялардан айырмашылығы, Cell Broadcast SMS-технологиясы желіге қосымша жүктеме жасамайтынын және базалық станция антенналарының қамту аймағында орналасқан барлық абоненттер үшін жедел және жаппай таратуға, хабарландырулардың уақыты мен жиілігіне мүмкіндік беретінін атап өтті.