5 жыл бұрын жоғалған адам Қарағандыда құлдықта жүрген

0
914

27 тамызда белгісіз біреу «вотсап» мессенджері арқылы інісінің Жаңаарқа ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеп жүргендігін хабарлаған.


5 жыл бұрын жоғалған адам Қарағандыда құлдықта жүрген

ERNUR.KZ. 3 қыркүйекте Жаңаарқа полиция басқармасының кезекші бөліміне 2015 жылдың тамыз айынан бастап 51 жастағы ер адамның Жаңаарқа ауданындағы қыстақтардың бірінде заңсыз құлдықта жұмыс істеп жүргені хабарланды, деп жазады baq.kz.

Алдын ала белгілі болғандай, құлдықтағы кісінің 58 жастағы ағасының сөзінше, ол 2012 жылы әйелімен ұрсысып, үйінен кетіп қалған. Содан кейін ішкілікке салынып, отбасымен хабар алыспаған.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 тамызда белгісіз біреу «вотсап» мессенджері арқылы інісінің Жаңаарқа ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеп жүргендігін хабарлаған. Кейіннен ол аталған дерек бойынша полицияға арызданып, оның інісін қыстақта заңсыз ұстап отырғанын мәлімдеген.

51 жастағы ер адамның айтуынша, ол 2012 жылы жұбайымен ұрсысып, үйінен кетіп қалған. Ол Қарағанды қаласындағы Майқұдықта көшеде өмір сүріп, ішкілікке салынып кеткен. Сол жерде Тілеген есімді жігітпен танысып, оның қыстағына жұмыс істеуге барған. Ол әртүрлі жерде жұмыс істеген. Ер адам өз еркімен жұмысқа кірген, алайда кейіннен қожайындары оны жібермеген.

Өз кезегінде қыстақ қожайынының сөзінше, 2017 жылдың мамыр айында 51 жастағы ер адам оның үйіне тамақ сұрап келіп, сол жерде жұмыс істеуге қалып қойған. Әңгіме барысында ол есін жоғалтқанын да айтқан.

"Жағдайды объективті бағалап, жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ҚК 126-бабы 1-бөлігі бойынша (Адамды бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық істің тергеу барысы ІІМ және облыстық ПД басшылығының ерекше бақылауында", - делінген Қарағанды облысы ПД хабарламасында.