50 мың теңге алған: Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ вакцина паспорттарын сатқан азаматты ұстады

0
652

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.


50 мың теңге алған: Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ вакцина паспорттарын сатқан азаматты ұстады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ қызметкерлері екпе алмаған азаматтарға вакциналау паспортын сатып алуды ұсынған 28 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп жазады Stan.kz.

"Кез келген құжатты жасауға уәде берген жігіт полицейлердің назарына ілікті. Ол елорда тұрғындарына жиырма күн ішінде екпе паспортын жасап беретінін айтқан. Тапсырыс берушілер ақшаны алдын ала төлеуі керек болған. Оларға мерзімі бойынша ешқандай проблема болмайды деп уәде еткен", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері клиенттің атын жамылып жігітпен кездескен, бұл оған тосын сый болды. Күдікті 50 мың теңгені ала салысымен арнайы жасақ оның қолына кісен салды.

"28 жастағы күдіктінің айтуынша, ол екпе паспортының өзектілігін ескере отырып, осылайша қосымша табыс табуға шешім қабылдаған", - дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.