Қазірдің өзінде 9 мыңға жуық адам ипотекасын өтеп үлгерді.
ERNUR.KZ. Жыл басында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 60 мыңнан астам өтелмеген несие болған, деп жазады tengrinews.kz.
Мұндай мәліметтерді Қазақстандық тұрақтылық қоры келтірді.
Қазірдің өзінде 9 мыңға жуық адам ипотекасын өтеп үлгерді. Бұл ретте «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген несиенің орташа айлық төлемі шамамен 112 мың теңге.
Төлем сомасына не әсер етеді және оны қалай азайтуға болады?
Ай сайынғы төлем мөлшері «7-20-25» бағдарламасы бойынша алынған несиенің мөлшері мен мерзіміне байланысты.
Алғашқы жарна неғұрлым көп болса, соғұрлым несие сомасы аз болады. Сонымен қатар несие мерзімі неғұрлым ұзақ болса, ай сайынғы төлем соғұрлым аз болады (бірақ соғұрлым артық төлейсіз). Несие мерзіміне келесі факторлар әсер етеді. Несие алушы жас жас болса, несиенің максималды мерзімінен де ұзағырақ болады, - деді қор.
Мысалы: Несие алушы «7-20-25» бағдарламасы бойынша құны 25 миллион теңге тұратын пәтер сатып алды делік. Пәтер құнының 20 пайызын, яғни 5 миллион теңгені бастапқы жарнамен төлесе, несие сомасы 20 миллион болады. Несие мерзімі 15 жыл (180 ай) болса, ай сайынғы төлем 179,8 мың теңге, ал 25 жыл (300 ай) мерзімімен 141,4 мың теңге болады.
Егер сіз бастапқы жарнаны 20 пайыздан артық құйсаңыз, мысалы 7 миллион теңге, несие сомасы 18 миллион болады. 25 жыл мерзімге ай сайын сіз 127,2 мың теңге төлеп отырасыз. Алғашқы жарнасы 10 миллион теңге болса, несие сомасы 15 миллион болады. Сәйкесінше 25 жыл бойы ай сайын сіз 106 мың теңгеден төлейсіз.
Сонымен қатар несие мерзімін өзгертпей, ішінара мерзімінен бұрын төлей отырып ай сайынғы төлейтін ақшаның сомасын азайтуға болады.
Әдетте, несиені мерзімінен бұрын өтеудің ең төменгі сомасын банк белгілейді және ол шартта көрсетіледі. «7-20-25» бағдарламасының шарттарына сәйкес, несиені мерзімінен бұрын немесе ішінара мерзімінен бұрын жабу үшін айыппұл мен комиссия алынбайды, - деп түсіндірді қордағылар.
Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді республика аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы төлеуге арналған өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша қолданады. Бүгінде бұл «Отбасы банкінен» алынған ипотекалық несиелер. Сыйақы бойынша салық шегерімін пайдалану ай сайынғы несие төлемінің мөлшеріне әсер етпейді. Бұл ретте несие алған адамның жалақысынан салық аз мөлшерде ұсталып, қолына алатын ақша көбейеді, - деп хабарлады қор.