"7-8 тамызда далаға шықпаңдар!" - желіде елді дүрліктірге тағы бір ақпарат тарады

0
518

Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаны жоққа шығарды.


ERNUR.KZ. Қазақстандықтар жалған хабарламаларды бір-бірімен бөлісіп, үрейді зорайтуда, деп жазады zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде вирус шашатыны туралы ақпарат тарап жатыр.



Жазба авторы қазақстандықтарды 7 және 8 тамыз аралығында далаға шықпауға кеңес береді.

Ауруханада жұмыс істейтіндер осылай айтып жатыр, оттегі дайындап жатыр, өйткені 10-11 тамызда көптеген науқас түседі ауруханаға деп, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, автор "терезелерді жауып, шыдамды болуды" сұрайды.

Таныстарыңызға айтыңыздар. Бәрі жоспар бойынша ғой, әлсіз болып жүргендер өліп кетеді тағы да.

Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаны жоққа шығарды.

Бұл - жалған. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - деді құзырлы ведомствадағылар.