​8 наурыз күні астаналық әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді

0
1 283

Мерекеге орай науқан Астанада алғаш рет өтіп отыр.


​8 наурыз күні астаналық әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді

ERNUR.KZ. 8 наурыз күні елордалық қоғамдық көліктер әйелдерді тегін тасымалдайды. Бұл туралы «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 8 наурызында Астананың қоғамдық көліктерінде қыз-келіншектер тегін жүре алады. Мұндай науқан Астанада алғаш рет өтіп отыр. Осылайша, қала билігі нәзік жанды аруларды мерекемен құттықтауды ұйғарды», - деп жазды Науат Азанбаева әлеуметтік желіде.