8 сәуірде күннің тұтылуы қалай өтеді – Ғалымдар жауап берді

0
702

Күн тұтылуының ең әсерлі сәті 4 минуттан аса уақытқа созылады.


8 сәуірде күннің тұтылуы қалай өтеді – Ғалымдар жауап берді

ERNUR.KZ. 8 сәуірде бүкіл адамзат пен ғалымдар жылдың ең күткен астрономиялық оқиғаларының бірі – Күннің толық тұтылуына куә болады, деп жазады stan.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, күн тұтылуының ең әсерлі сәті 4 минуттан аса уақытқа созылады. Құбылыс, әсіресе, Мексиканың солтүстігінде байқалады. Күннің толық тұтылуы АҚШ пен Канадада, Тынық мұхиты мен Атлант мұхитындағы кейбір аралдардан да көрінеді. Жеке фазаларды Солтүстік және Оңтүстік Америка, Орталық Америка, сонымен қатар Тынық және Атлант мұхиттарынан және Батыс Еуропада тұратындар көре алады.

NASA PUNCH миссиясының ғалымы Николен Виалл 2017 жылға қарағанда бұл күн тұтылуы өзгеше болатынын атап өтті.

"Біріншіден, биыл бұл құбылысты 32 миллионнан аса адам бақылай алады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда шамамен 2,5 есе көп. Себебі бұл уақытта адамдар жай ғана үйінен шығып, тұтылуды көре алады. Екіншіден, күннің тұтылуы 4,5 минутқа дейін созылады”, – деді ғалым.

Күннің тұтылуын көзі нашар көретіндер де бақылай алады. Бұл арнайы дыбыс және сенсорлық құрылғылардың арқасында мүмкін болады. Олар өзгермелі жарықты дыбыстарға – флейтаның нәзік ноталарына және кларнеттің ортаңғы ноталарына айналдыра алады. Қараңғылық баяу шерту дыбысымен беріледі. Құрылғыны Пуэрто-Рикодан келген зағип астроном зерттеушісі Гарвард университетінің ғалымымен бірлесе отырып жасаған. Құрылғының прототипі алғаш рет 2017 жылы күннің толық тұтылуы кезінде қолданылған.