"9-20-25" ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

0
424

Бұл бағдарлама "Отбасы банк" пен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен іске қосылады.


ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда "9-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты, жазады tengrinews.kz.


Роман Склярдың айтуынша, бағдарлама 2024 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылады.

"Бұл бағдарлама "Отбасы банк" пен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен іске қосылады, бұл мәселе пысықталды және белгіленген мерзімде жүзеге асырылады", - деп сендірді Роман Скляр.