9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді

0
2 686

Карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкен соң 7 күннен ерте жүргізілмейді.


9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді

ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді.

«4. Маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықты сақтап, шұғыл тергеу әрекетін жүргізу үшін тергеушіге, адвокатқа және қорғаушыға шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық шараларды шектеу», – деп жазылған жаңа қаулыда.

Ал 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулыда 2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылды.

«9) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында: – оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;
– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күнінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімімен сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді қамтамасыз етсін», – делінген қаулыда.

Сонымен бірге, 2-тармақтың 16) тармақшасына да өзгерістер енгізілген.

«16) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық нысандар қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте карантиндік шараларды күшейту эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда 5 күн ішінде жүргізіледі («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкен соң 7 күннен ерте жүргізілмейді;»;

Аталған қаулы 2021 жылғы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.