9 жастағы бала бір аптада екі рет өзге көліктерді айдап кетті

0
1 936

Бір аптада екі рет өзгенің көлігін айдаған бала екі көлікті де соғып үлгерді.


 9 жастағы бала бір аптада екі рет өзге көліктерді айдап кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Оралда бірнеше күн бұрын өзгенің көлігін айдап кеткен 9 жастағы бала тағы да бейтаныс адамның көлік рөліне отырды, деп жазады Baq.kz.

Бұл жолы бала қаладағы ықшам аудандардың бірінде дүкен алдында тұрған Toyota көлігін айдап кеткен.

«Мен дүкендегі досыма кірдім. Біз біраз әңгімелесіп отырдық. Далаға шықсам, көлігім орнында жоқ. Мүмкін көліктің есігі ашық тұрған болар, бірақ көлікті оталдыратын кілт менде болған. Негізгі кілт те қалтамда еді. Ол көлікті белгісіз жолмен оталдырып алған», - дейді көлік иесі Юрий Васильев.

Көлікті жүргізіп кеткен бала көпір астындағы бағанға соғылған. Көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Бұған дейін оқушы бала Suzuki маркалы жол талғамайтын көлігін айдап кеткен. Ол кезде көлік жүргізушісі есікті ашылған күйде, ішіне кілтін қалдырып кеткен екен. Бала сол жағдайды пайдаланып қалған. Ол жолда Lada Granta көлігімен соқтығысып қалған. Оның ата-анасы балалары көлік айдап кетуі мүмкін екенін білмеген.

Баланың әкесі сол күні ұлы үйде көбейту кестесін жаттап отырғанын, одан кейін далаға қалай шығып кеткенін байқамай қалғанын айтқан.