9 жастағы қызды зорлады деген күдікті Ақтөбе облысында ұсталды

0
1 039

Полицейлер 21 жастағы жігітті ұстаған.


9 жастағы қызды зорлады деген күдікті Ақтөбе облысында ұсталды

ERNUR.KZ. 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті Ақтөбе облысында ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Полицейлер 21 жастағы жігітті ұстаған. Ол бұрындары сотталмаған.

"Ақтөбе облысының полицейлері 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған қыз балаға жасалған ауыр қылмыстың бетін ашты. Осы іске арнайы жедел-тергеу тобы жұмылдырылды, оны ІІМ криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары басқарды", - делінген полиция хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау, көрінеу жас балаға қатысты жасалған"), - және 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша жүріп жатыр. Осы баптар бойынша күдікті 17-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

Осыған дейін, Ақтөбеде 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті іздестіріліп жатқаны айтылды. Зорланған қызын әкесі өз үйінен тапқан. Бала үйінде жалғыз болған уақытта, күдікті оның есікті ашуын көндіріп, үйге кірген.