"960 мың теңге тағайындалады": Алаяқтар желіде жалған хабарлама таратып жүр

0
759

Алаяқтар абоненттерден 1414 қысқа нөмірінен келген СМС-хабарламаларға жіберілген кодты айтуды сұрайды.


ERNUR.KZ. Қазақстанда алаяқтар қоңырау шалып, өздерін Nur Otan партиясының қызметкерлері ретінде таныстырып, 960 000 теңге көлемінде төлем рәсімдеуді ұсынып жүр. Ол үшін SMS арқылы жіберілген кодты айту керек, деп жазады StopFake.

Төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42500 теңге алғандар ірі төлем алуға үміткер бола алады. Миллион теңгеге жуық жәрдемақыны "рәсімдеу" үшін алаяқтар абоненттерден 1414 қысқа нөмірінен келген СМС-хабарламаларға жіберілген кодты айтуды сұрайды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бұл нөмірден әлеуметтік төлемдерді алу үшін қандай да бір ақпаратты тарату туралы хабарламаны жоққа шығарды.
"Құрметті пайдаланушылар, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ азаматтарға төлемдерді алғаны туралы хабарламамен түрлі құрылымдардан шалынған қоңыраулар және 1414-тен келген кодты жазу қажет екені туралы хабарламалар келіп түскені жайлы ақпарат түсіп жатыр. "ҰАТ" АҚ әлеуметтік төлемдерді алу үшін 1414 код нөмірінен таратуды жүргізілмейтінін хабарлайды, алаяқтарға ешқандай ақпарат бермеуді және 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға хабарламауды сұраймыз", - деп хабарлады ұйым өкілдері.
Алаяқтардың мұндай әрекеттері әлеуметтік инженерия деп аталады. Бұл адамның психологиясын ескере отырып, жеке деректерін заңсыз иемдену тәсілі. Мысалы, мұндай тәсілді алаяқтар пайдаланады, олар телефоннан өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, абоненттен ақша салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құпия деректерді айтуды талап етеді.