А. Назарбаевқа 18 қазанда үкім шығады

0
1 065

Ол шетелдік емханалардың бірінде екі-үш айдан бері ем алып жатыр.


А. Назарбаевқа 18 қазанда үкім шығады

ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы марқұм Рахат Әлиевтің ұлы Айсұлтанға 18 қазанда үкім шығатын болды, деп жазады qamshy.kz.

Ескерте кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын, яғни маусым айында Лондон қаласындағы пәтерлердің бірінде Айсұлтан Назарбаевтың ұсталғаны белгілі. Британияның mail online сайтының жазуына қарағанда, Лондонның Covent Garden пәтерінде ол бұзақылық жасаған.

Айсұлтан полиция өкілімен текетірес барысында қол жұмсап, оның қолын тістеп алған. Куәгерлердің айтуынша, полицейдің қолы қанға болып, жедел жәрдем шақыртқан. Прокурор Грегор МакКинлиның айтуына қарағанда, полиция өкілдерінің бірі осылай қолынан қатты жарақат алған.

Көршілерінің шақыртуы бойынша жедел жеткен полиция өкілдері Айсұлтан Назарбаевты алғашқыда «пәтер ұрыларының бірі» деп ойлап қалған.

Ал Айсұлтан Назарбаевтың қорғаушысы Алисдэйр Уильямсон пәтерден ешнәрсе ұрланбағанын айтты. Тек үйдің іші біршама бүлінген. Шамамен келген шығынның көлемі 5 мың фунт стерлинг құраған.

Соған қарағанда Айсұлтан Назарбаев есірткі буының арқасынла пәтердің ішін біраз бүлдірсе керек. Судья Мартин Беддойның айтуынша, есірткінің әсері болуы керек, Айсұлтан Назарбаевтың жағдайы сол кезде өте өте ауыр болған.

Қазір Дариға Назарбаеваның ұлы есірткіге тәуелділіктен арылу үшін Лондондағы емханалардың бірінде екі-үш айдан бері ем алып жатыр. Оған сот үкімі 18 қазанда шығатыны белгілі болды. Ал Қазақстан тарапы Дариға Назарбаеваның ұлын елге қайтаруды сұраған көрінеді.