Абаев қыздардың өлімі жайлы: Кінәні Әбілқасымоваға жабу әділ емес

0
2 460

Абаевтың ойынша, әлеуметтік желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап етіп, таратып жатқандардың әрекеті әділдік емес.


Абаев қыздардың өлімі жайлы: Кінәні Әбілқасымоваға жабу әділ емес

ERNUR.KZ. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өрттен қайтыс болған бес қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп жазады , ҚазАқпарат. -қа сілтеме жасап TengriNews.kz.

"Ауыр қайғылы жағдай болды. Олардың отбасы қазіргі уақытта бастан кешіріп отырғанын ең жаман түсте де көру мүмкін емес. Ата-анасымен бірге бүкіл ел болып қайғырып жатыр", - деді министр.

Сонымен қатар, Абаевтың ойынша, әлеуметтік желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап етіп, таратып жатқандардың әрекеті әділдік емес.

"Менің ойымша, бар кінәні министр Әбілқасымоваға жаба салу, кемінде, әділетсіздік. Иә, ешкім де жауапкершіліктен босатылмайды. Қалай болғанда, біз - бүкіл мемаппарат - қандай жағдай болса да, елімізде болып жатқан шаралар үшін жауаптымыз. Бірақ осы ауыр жағдайдың көптеген факторларға байланысты болғанын түсіну керек және көп нәрсе Еңбек министрлігінің жұмысына байланысты емес", - деді министр.

"Мадина Ерасылқызы осы жағдайға байланысты қатты қайғырып жүргенін білемін. Әйел, үш баланың анасы ретінде ол осы жаңалықты ауыр қабылдады. Сол себепті, тек конструктив пікір қалғаны жөн, қалған айыптаулар негізсіз. Сонымен қатар, мен Әбілқасымованы нағыз кәсіби, өз ісіне жанын салып істейтін адам ретінде білемін", - деді Дәурен Абаев.

Осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова бес қыздың өліміне қатысты пікір білдірген еді. Әбілқасымова 4 ақпанда оқиға орнына барып, қыздарынан айырылған отбасының туыстарымен кездескенін және министрлік ұжымының отбасына қолдан келер көмек көрсететінін айтқан.

"Бұл өз таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы.

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген.