Абай мен әл-Фараби және ҚХА мерейтойына 3,8 миллиард теңге жұмсалады

0
1 420

Маңызды ұлттық жобаларды жүзеге асыру мақсатында бюджеттен 3,8 миллиард теңге қарастырылған.


Абай мен әл-Фараби және ҚХА мерейтойына 3,8 миллиард теңге жұмсалады

ERNUR.KZ. Әл-Фараби 1150-жылдығы, Абайдың 175 жылдығы, Конституцияның және Қазақстан халқы ассаламблеясының 25 жылдығын тойлауға республикалық бюджеттен 3,8 миллиард теңге жұмсау жоспарланған, деп жазады tengrinews.kz.

"Маңызды ұлттық жобаларды жүзеге асыру мақсатында бюджеттен 3,8 миллиард теңге қарастырылған. Бұл Абайдың 175 жылдығы, әл-Фараби мерейтойы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы",- деді қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымында.

Оның айтуынша, мәдениет пен спортты дамытуға 304,7 миллиард теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға - 120,1 миллиард теңге, бұл ағымдағы жылдың деңгейінен 24,8 миллиард теңгеге жоғары.

"Бұл шығындар театрлардың, мұражайлардың, кітапханалардың және мұрағаттардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, спортты қолдауға және дамытуға, кадрлар даярлауға, туризмді дамытуға, фильмдер шығаруға, сондай-ақ маңызды ұлттық жобаларға бағытталған", - деп нақтылады вице-министр.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері барлық отандық және шетелдік мұрағаттардың іргелі зерттеулерін сақтау мақсатында, көне заманнан бастап қазіргі заманға дейін, Елбасының тапсырмасы бойынша "Мұрағат-2025"мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қосымша қажеттілік - 13,4 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,2 миллиард теңге. Шығындар бекітілгеннен кейін қаралатын болады.